From Wikipedia, the free encyclopedia
Нептун — Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.
Neptune from Voyager 2 | |||||||||||||||||||||
Ашылу деректері | |||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кім ашқан: | Урбен Леверье Джон Адамс Йохан Галь | ||||||||||||||||||||
Ашылған күні: | September 23, 1846 | ||||||||||||||||||||
Орбиталық сипаттамасы | |||||||||||||||||||||
Дәуірі J2000 | |||||||||||||||||||||
Афелиі: | 4,553,946,490 км 30.44125206 AU | ||||||||||||||||||||
Перигелиі: | 4,452,940,833 км 29.76607095 AU | ||||||||||||||||||||
Үлкен жарты осі: | 4,503,443,661 км 30.10366151 AU | ||||||||||||||||||||
Эксцентриситет: | 0.011214269 | ||||||||||||||||||||
Орбитамен айналу: | 60,190 days 164.79 years | ||||||||||||||||||||
Ауытқы мезгілі: | 367.49 day
= 1.767975° 6.43° to Sun's equator | ||||||||||||||||||||
Мағыналы ауытқысы: | 267.767281° | ||||||||||||||||||||
Үдемелі түйін бойлығы: | 131.794310° | ||||||||||||||||||||
Перигелий аргументі: | 265.646853° | ||||||||||||||||||||
Серіктері: | 13 | ||||||||||||||||||||
Физикалық сипаттамалары | |||||||||||||||||||||
Полюстік радиусы: | 24,341 ± 30 км 3.829 Earths | ||||||||||||||||||||
Бет ауқымы: | 7.6408×109 км² 14.98 Earths | ||||||||||||||||||||
Деңгейі: | 6.254×1013 км³ 57.74 Earths | ||||||||||||||||||||
Массасы: | 1.0243×1026 kg 17.147 Earths | ||||||||||||||||||||
Тығыздығы: | 1.638 g/cm³ | ||||||||||||||||||||
Экватордағы еркін түсу үдеуі: | 11.15 m/s² 1.14 g | ||||||||||||||||||||
жыту жылдамдығы: | 23.5 км/с | ||||||||||||||||||||
Жұлдыздық айналым мезгілі: | 0.6713 day 16 h 6 min 36 s | ||||||||||||||||||||
Экватордағы айналым тездігі: | 2.68 км/с 9,660 км/сағ | ||||||||||||||||||||
Біліктік еңкейісі: | 28.32° | ||||||||||||||||||||
Солтүстік полюстің оң үдемелігі: | 19h 57m 20s | ||||||||||||||||||||
Беттік темп-сы: 1 bar level 0.1 bar |
| ||||||||||||||||||||
Көрінетін жұлд. шама: | 8.0 to 7.78 | ||||||||||||||||||||
Бұрыштық өлшемі: | 2.2″—2.4″ | ||||||||||||||||||||
Атмосферасы | |||||||||||||||||||||
Құрамы: |
|
1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір Вояджер 2 ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті.
Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетін Есекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.
Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. 1989 жылы Вояджер-2 ғаламшардың қасынан өтіп бара жатқан кезде Есекқырғанның бетінде Ірі Қызыл Дақпен салыстырыла алатындай оңтүстік гемисферада Ірі Қара Дақ тіркеді. Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55.1 K)-ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7,000 °C (7,270 K)-ге дейін көтеріледі, бұл Күннің бетіндегі температураға ұқсас және басқа да белгілі ғаламшарларға тән. Нептунның бұлыңғыр әрі әркелкі орналасқан сақина жүйесі бар, бұл сақина 1960 жылдары байқалғанымен, Вояджер-2-нің зерттеулері сақиналарының бар екендігін дәлелдеді.
Нептунның он үш серігі бар[1]. Оның Тритон деп аталатын серігі мұз жамылғысына оранған. Күннің әлсіз сәулесі мұз қабатынан өте отырып, ішіндегі газды қыздырады. Қызған ыстық газ ағыны сыртқа атқылайды.
Уақыт өткен сайын Нептундағы жұмбақтық бірде пайда болады, бірде жоғалып кетеді. Ғалымдардың ұйғаруынша, бұл- осы планетадағы қатты қапталудың белгісі. 1989,1994 жылдары астрономдар Қара дауыл деп аталатын үлкен қара дақты бақылады. 1994 жылы планетадан "Хаббл" телескопы Жердің мөлшеріндей үлкен түтікті байқады. Алып дауыл оны планетаның беткі қабаты бойымен екпіндетіп алып кеткен болу керек. «Вояджер-2» 1989 жылы 25 тамызда Нептунға ең жақын болды. 1989 жылы тамызда АҚШ-тың «Вояджер-2» ғарыш кемесі Нептунға барып, үлкен бақылау бағдарламасын жүргізді. Негізінде, миссиясы алып планеталардың бүкіл отбасы туралы білімнің толық жаңартылуына әкелді. Ұшу кезінде құрылғы барлығы 115 мың телевизиялық кескінді, оның ішінде 9 мыңы Нептун маңында жіберді.[2]
Нептун - Планеталардың ішіндегі ең кішкентай және ең тығыз газ планетасы. Ол газдан және мұздан тұрады және, ең алдымен, тасты өзегі бар. Егер біз Нептунға жете алсақ, оның бетінде тұруға мүмкіндік болмас еді - ол бірден сорылып кетер еді, өйткені Нептунның тартылыс күші болғанымен, Жер тұрғындары елестете алмайтын жел күші бар мәңгілік дауыл бар. Күші шамамен жердің күшіне тең. Ғалымдардың зерттеуінше Нептунда 6 сақина бар. [3]
Галилео Галилей суреттері оның Нептунды алғашқы болып 1612 жылдың 28 желтоқсан көргенін көрсетеді, 1613 жылдың 27 қаңтар ол тағы да бақылады; екі жағдайда да ол Нептунды жақындап тұрған жұлдызбен шатастырды - бұл түнгі аспандағы Есекқырған болатын. Сондықтан, бұл Нептунның ашылуы болып саналмайды. 1612 жылдың желтоқсанындағы алғашқы бақылауындағы кезде, ғаламшар дәл сол күні теріс қараған болатын, сондықтан бір орында тұрған жұлдыз болып көрінген. Бұл қозғалыс Жердің алыс ғаламшардан өте қашық нүктесінен байқалады. Нептун өзінің жылдық айналымын бастап жатқандықтан, ғаламшардың қозғалысы Галилеоның кішкене телескобынан көрінбеді.
1821 жылы Алексис Бувар Уранның астрономиялық кестесін басып шығарды. Соңғы зерттеулер кестедегі мәліметтердің анық көлбеуін көрсетті, бұл Буварды белгісіз дененің тартылыс күшінің араласуынан ғана болатынын болжамдауға әкелген. 1843 жылы Джон Адамс болжамдалған сегізінші ғаламшардың Уранның қозғалысына әсер ететіндігі арқылы орбитасын есептеді. Еңбектерін Сэр Джордж Эйриге жіберген соң, Эйри оның анықтауын өтінді. Адамс жауап хатын бастағанмен, ешқайда жіберген жоқ, содан Уран проблемасына аса көңіл аударған жоқ.
1845-1846 жылдары, Урбен Леверье Адамстан бөлек өзінің есептерін шығарды, бірақ ол да өзінің жерлестерінен қолдау таппай, қиындықтарға кезікті. Маусым айында Эйри Леверьенің басып шығарған ғаламшардың сипаттамасының есептері Адамстың есептеріне ұқсас екендігін көргеннен соң, ол Кембридж Обсерваториясының бастығы Джеймс Чаллисті ғаламшарды іздеуін өтінді. Чаллис тамыз және қыркүйек айларында аспанды мұқият зерттеді.
Дәл осы кезңде Леверье хат арқылы Берлин Обсерваториясының астрономы Йохан Гальдты обсерваторияның рефракторы арқылы іздеуін сұрады. Хейнрих Д'Аррест атты обсерватория студенті Гальға беріде алынған аспандағы Леверьенің болжаған ауданының кестесін соңғы ауданның кестесімен салыстыруын ұсынды. Леверьенің хатын алған күні кешке, 1846 жылдың 23 қыркүйегінде оның 1° дәлдікпен, ал Адамстың 12° дәлдікпен болжаған жерінен жаңа ғаламшар ашылды. Чаллис кейін бұл ғаламшардың екі рет тамыз айында бақылағанын түсінді, ол өзінің жұмысқа қатты берілмегендігімен түсіндірген болатын.
Ашылуының бастапқы кезеңінде ғаламшарды ашу құрметі үшін Француздық және Британдық ұлттық қарсыласуы орын алды. Ақырында, Леверье мен Адамс бірдей атақ алды.[4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.